С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Құқықтану кафедрасының басшысы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген заңгері, Қазақ КСР Бас Прокуроры қызметтерін атқарған, КСРО Прокуратурасының құрметті қызметкері, генерал-лейтенант, Ұлы Отан соғысының ардагері Өтеген Сейітовті еске алуға арналған ашық сабақ өткізді.

Аталмыш іс-шараға құрметті қонақ ретінде Прокуратура органдары ардагерлері одағының төрағасы, бұрыңғы Алматы қаласының, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының прокуроры Дмитрий Фалеев қатысқан.

Дмитрий Никифорович С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың Құқықтану кафедрасының студенттері алдында сөз сөйлеп, биыл өтетін Өтеген Сейітовтың 90-жылдық мерейтойына естеліктер айтты.

Д. Фалеевтің сөзіне сәйкес арнайы слайдтық презентация ұсынылды. Іс-шараның соңында болашақ құқық мамандары өз жылы лебіздерін айтып, кездесу ұйымдастырғандарына ризашылықтарын білдірді.