Фрайберг Тау-кен Академиясының (Фрайберг, Германия) студенті Маркус Ховмайстер Инженерлік мамандықтар бойынша студенттік тағылымдамамен алмасу «IAESTE» халықаралық ассоциациясының бағдарламасы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне келді.

Аталмыш тағылымдамалар мақсаты – қажетті мамандық бойынша сәйкес білімді, біліктілікті, дағдысын, жаңа білім мен білікті меңгеру.

Маркус Ховмайстер С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың зертханалар негізінде жылу энергетикасы саласы бойынша кәсіби білімін және практикалық дағдысын жетілдіруге мүмкіндік алуда.

Тағылымдамалармен алмасу бағдарламасына ПМУ студенттері де қатысқан. Жас қазақстандықтар үшін бұл тағылымдамалар кәсіптік деңгейін көтеріп, шетелдік әріптестердің тәжірибесін меңгеруге, жаңа инновациялық зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік береді.