С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы Технологиялық трансферті және инновациялар Аймақтық орталығының негізінде «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары: инновациялық гранттар, технологиялық бизнес-инкубациялау және технологиялар коммерциялау» атты семинар кәсіпорындар басшылығы, кәсіпкерлер және ғалымдар қатысуымен  өтті.

Семинарға қатысқандар: «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ, «Алтай» Шығыс Қазақстан Аймақтық ғылыми-технологиялық паркі» ЖШС (Өскемен қ.), Павлодар облысы бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері.

Семинар барысында Қазақстанның инновациялық белсенділігі және экономикалық дамуын жетілдіру мақсатымен ұйымдастырылған инновацияларды мемлекеттік қолдау тетігі қарастырылған. Соның ішінде инновациялық гранттар беруінде жетекшілік еткен «Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік» АҚ-ның маңызы зор.