С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Биржалық симулятор» жобасында үздік үштік қатарынан көрініп, 100 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Сынақтық сауда-саттық оқуларын «Қазақстандық қор биржасы» АҚ қолдауымен «Ирбис» қаржы нарығының ақпараттық агенттігі ұйымдастырды.

Жоба мақсаты – алдыңғы қатарлы қазақстандық ЖОО-ның экономикалық және қаржы мамандықтары бойынша білім алып жатқан болашақ мамандарын KASE сауда жүйесінің қағидаттарымен таныстыру, жас мамандардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту, қазақстандық акциялар нарығының шынайы көрінісін студенттерге түсіндіру, құнды қағаздар нарығында инвестициялау мәдениетіне баулу. Бұл ойын екі ай өткізілді.

Сауда-саттықты оқып-үйрену барысында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері қор нарығының мүмкіндіктері мен құралдарымен танысты, қазақстандық құнды қағаз нарығы жағдайын түсіндіруді қалыптастырды, қаржылық танымын өсірді, болашақ жұмысы мен жеке инвестиция жасау үшін де қабілет-қарымын тәжірибеден өткізді, ойынның нәтижесі бойынша қатысушылар Қазақстандық қор биржасында тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.

Сауда-саттықтың қыры мен сырын үйрететін оқу 2008 жылдан бері өтіп келеді. Ойынға Қазақстанның 12 жоғары оқу орындарынан 500 студент қатысты.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың қаржыгерлер тобының құрамында Бауыржан Шалабеков, Гүлмира Оспанова, Азамат Аушев, Бекжан Смағұлов болды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттерінен құрылған топтың жетекшісі – Қаржы кафедрасының доценті э.ғ.к., Альфия Салихованың айтуы бойынша студенттер брокерлік компаниялар мен шынайы биржалық келісім-шарт кезінде қолданатын sTrade сауда платформасын пайдалануды үйренді.

Қаржы-экономика факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Тахир Эрназаровтың мәлімдеуінше аталмыш жоба болашақ мамандар үшін бірегей тәжірибе болды. «Біздің студенттер қаржы жаңалықтарына сараптама жасауды, өзінің жеке стратегиясын құруға, өздерінің алғашқы инвестициялық шешімін қабылдауға машықтанды», – деп айтты Тахир Яздурдиевич.

Сынақтық сауда-саттық оқу нәтижесі бойынша және жеке есептік нәтижеге сай С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттік тобы ІІІ орынды қанжығасына байлап келді. Додаға қатысушылар арнайы сертификаттар мен 100,000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйақымен марапатталды.