С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың бітірушілерін, ардагерлерін, оқытушыларын және студенттерін 2013 жылы 1 маусымда мына мекенжайда Университет күніне орай өткізілетін мерекелік іс-шараға қатысуға шақырамыз: Ломов көш.,64. Басталуы – 09:30.

 

2013 жылдың 01 маусымында университет Күнін мерекелеуге арналған бағдарлама

Уақыты Іс-шара Өткізу орны
09.30сағ.-10.00сағ. Университет Күнін мерекелеуді ашу,ректор С.М.Өмірбаевтың құттықтау сөзі.
Университет туын көтеру, «Гаудеамус» әнұраны. С.Торайғыров ескерткішіне гүлшоқтарын қою.
Университет күніне арналған іс-шаралар туралы ақпаратты жүргізушілер оқиды.
Факультет бойынша студенттер мен оқытушылардың мерекелік сапқа тұруы.
БОҒ-тың алдындағы алаң
10.00сағ.-12.30сағ. Университет Күніне салтанатты жиын. Ректордың, қонақтардың сөз сөйлеулері.
Ресми-құттықтау бөлім. Қорытындыларды жинақтау.
Өткізілген сайыстар бойынша марапаттаулар тоттамасы.
Университет Күнін мерекелеуге арналған Концерт.
БОҒ-тың Концерттік залы
12.30сағ.-14.00сағ. Түскі үзіліс Студенттік дәмхана
14.00сағ.-15.00сағ. Университет қонақтары үшін музейге экскурсия БОҒ
15.00сағ.-17.00сағ. Спорттық ойын түрлерінің финалдары (мини-футбол, волейбол).
Спорттың әр түрлері бойынша спортшылардың көрнекті көрсетілімдері
Университет стадионы
15.00сағ.-17.00сағ. Факультеттердегі іс-шаралар – бітірушілермен кездесу Факультеттер
17.30сағ.-19.00сағ. Әр түрлі жанр мен бағыттағы студенттік ұжымның сөз сөйлеулері.
Естай атындағы ұлттық қазақ аспаптарының оркестрі
БОҒ-тың алдындағы алаң
19.00сағ.-21.30сағ. Дискотека Спортзалдың кіре берісі
21.30сағ. Отшашу БОҒ-тың алдындағы алаң