2013 жылдың 14 мамырында Павлодар облысы Успен және Лебяжі аудандарындағы мектеп оқушыларының болашақ түлектеріне арналған С.Торайғыров атандығы Павлодар мемлекеттік университетінің дәстүрлі «Ашық есіктер күні» салтанатты түрде өткізілді.

 Іс-шараны ашқан С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Оқу жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.д., профессор Нелли Пфейфер, ПМУ әкімшілігі және профессорлық-оқушылар құрамының атынан Павлодар мемлекеттік университеті туралы баяндамасын ұсынды.

Іс-шара барысында ПМУ-дың ғылыми-зерттеу, мәдени және қоғамдық өмірі ерекшеліктерімен Успен және Лебяжі аудандарының түлектеріне Тарих және құқық факультетінің деканы, с.ғ.д., профессор Арман Әкішев және ПМУ-дың оқу озаттары таныстырды.

Мектеп оқушыларының назарына университеттің Студенттік филармониясының дарынды орындаушылары өз өнерлерін көрсетті.

Аталмыш кездесу барысында С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың спорттық залында оқушыларға ЖОО-ның мамандықтары мен университет түлектерінің жұмыспен қамтылуы туралы ақпараттар беріліп, кеңес ұсынылды.