2013 жылдың 19 сәуір күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Сәулет-құрылыс факультетінің «Ашық есіктер күні» өтті.

Іс-шараны ашқан Сәулет-құрылыс факультетінің деканы, т.ғ.д., профессор Марат Кудерин «Ашық есіктер күніне» келген қала мектептерінің оқушыларына жылы лебізін білдіріп, алдағы кәсіби қалыптасуына сәттілік тіледі.

Сәулет-құрылыс факультетінің мамандықтары және кәсіби ерекшеліктерімен «Кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., ҚР ПҒА академигі, профессор Мәнсия Алинова, «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., ПМУ профессоры Қуандық Сақанов, «Құрылыс материалдарын өндiру және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Виктор Станевич, «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., профессор Қапар Арынғазин таныстырды.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Кәсіптік оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Майса Ықласова және факультет студенттері дәрісханалар алдындағы кіреберісте өз шығармашылық жұмыстарының көрмесін және шеберлік сыныптарын ұйымдастырды.

«Ашық есіктер күні» аясында келген оқушыларға кәсіптік бағдар беру құралдары, атап айтсақ, арнайы ақпараттық брошюралар таратты.

Сонымен қатар, факультет магистранттары Асқар Қанапьянов және Арман Жаһаев оқушылар назарына университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Прагада өткен оқу жөніндегі бейнероликті назарына ұсынған.

Сәулет-құрылыс факультетінің студенттерінің орындауындағы әуезді әндер «Ашық есіктер күнінің» сәнін келтірді. Әділ Оспантаевтың өзі шығарған әсем әні мен М.Мақатаевтың «Өмір» өлеңін мәнерлеп оқыған Салтанат Абдрахман көрерменнің көзайымына айналды.