Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысының қоры Қазақстанда және шетелде өткізілетін ғылыми конференциялар, симпозиумдар, семинарлар және Конгресстерде жас ғалымдар мен студенттердің қатысуына арналған «Сапарға грант» атты байқауын хабарлайды.

Байқауда жас ғалымдар, университет оқытушылары және ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, PhD докторлары, магистрлер, жоо-ның бітіруші курс студенттері қатыса алады.

Өтінімді тапсыру мерзімі: 2013 жылдың 8 сәуірінен 30 қарашасына дейін. Аталған байқау бойынша өтінімді маркетинг және комерциализация бөліміне (233а каб., ішкі 1286, 1235) тапсыру керек. Ереже.