2013 жылдың 15 наурызында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Еліміздегі жер қатынастары: кеше және бүгін» атты тақықыпта дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш іс-шарада ПМУ-дың құқықтану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Нұрсұлу Мұсабекова: «Жер қатынастарының құқықтық реттелуі және жетілдіру мәселесі – Қазақстан қоғамында заңгерлер мен саясаттанушылардың арасында тіпті жұртшылық арасында талқыланатын өзекті мәселелердің бірі», – деді. Содан кейін, Нұрсұлу Мұқидинқызы өз сөзінде еліміздің дамып гүлденуіне орай жер қатынастарына азаматтардың жаңа көзқарасы қалыптасты деп мәлімдеді.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Жер кодексі ресми күшіне енгеннен бастап қолданылатын жерге байланысты заңнамаға деген қазіргі мамандардың ой-пікірі жөнінде «Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң аумақтық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің жер ресурстарын бақылау бөлімінің бастығы Ержан Бұқпанов және заң кеңесшісі Қанат Әбенов өз баяндамаларын ұсынды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиал төрағасының орынбасары, т.ғ.к. Арман Ешмұратов жиналған қауымды Қазақстанның жер меншігі дамуының тарихи ерекшіліктерімен таныстырды.

Жалпы айтқанда, дөңгелек үстелге қатысушылар кез келген мемлекеттік басқару жүйесі жер кадастрына, яғни жер қоры туралы мәлімет-деректердің жүйеге түсірілген ақпарына негізделу қажет деген пікірге тоқталды.