2012 жылдың 22 ақпанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде IX аймақтық студенттік олимпида өтті.

Елбасымыздың бастамасымен қабылданған «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасы бойынша ХХІ ғасырда тек білім мен ғылым ғана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады.

Соған сәйкес студенттік пәндік олимпиаданың басты мақсаты – ғылыми бiлiмдi насихаттау және оқушылардың ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту, дарынды жастарды анықтау үшін қажеттi жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын студенттерді iрiктеу және даярлау, жалпы Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

Бұл білім сайысы студенттердің шығармашылық бастамасын дамытуға, студенттермен оқу және ғылыми жұмысты жетілдіруге, ЖОО-ның үздік мамандарын даярлауды нығайтуға бағытталған ерекше оқиға болып табылады.

Биыл студенттік олимпиадаға аймағымыздың ең ірі жоғары оқу орындарынан 48 топ қатысты.

Барлық қатысушылар күрделі мәселелерге табылған шешімдер арқылы жинаған өлшеусіз тәжірибеге қол жеткізді. Сонымен қатар, аталмыш ғылыми сайысқа қатысу әрбір болашақ жас маманға жаңа достар табуға да мүмкіндік берді.