2013 жылдың 14 ақпанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының студенттері «Регион.kz» атты облыстық газеті өкілдерімен кездесті.

Кездесуді ашқан ПМУ-дың журналистика кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д. Қырықбай Алдабергенов еліміз бен аймағымыздағы қазіргі журналистикасының жан-күйін талдап шықты. Сонымен қатар, Қырықбай Мазанұлы студенттерге кәсіби ақыл-кеңестерін беріп, осы салада бар мәселелерін атап өтті. Оқырмандармен тығыз байланыста болса ғана, соған қоса, кадрлар дайындығы дуалдық оқыту жүйесінің негізінде өткізілсе ғана мерзімдік басылымдардың сапасын арттырады деп Қырықбай Мазанұлы тұжырымдады.

«Регион.kz» газетінің бас редакторы Нұрлат Байгенжеев ПМУ студенттерінің алдында сөз сөйлеп, газет ұжымы мен студенттер арасындағы ынтымақтастықтық жолдарын анықтады. Соның ішінде облыстық газетінде тәжірибеден өту, штаттан тыс қызметкері ретінде ақылы жұмыс істеу және де тағы басқа мәселелер аталып өтті.

ПМУ студенттері де облыстық журналистерге көкейлерінде жүрген өзекті сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.

Сонымен қоса, «Регион.kz» газетінің жауапты хатшысы Ерсайын Ертісбаев қазіргі жастар ел болашағының жарқын болуына барынша үлес қосуда деп айтқан болатын.

Жалпы айтқанда, кездесуге қатысқандар Қазақстан журналистері мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпарат құралдарының қай саласында қызмет атқарса да, оқырмандар алдындағы азаматтық жауапкершілігін терең сезініп, саяси, әлеуметтік мәселелер туралы принциптік көзқарас ұстануда деген бір қорытындыға келді.