2013 жылдың 29 қаңтарында сағат 15.00-де С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің концерттік залында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерт өтті.

Концертті ұйымдастырған – «Нұр Отан» ХДП, партия жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, сонымен қоса университеттік Қазақстан студенттер Альянсының белсенділері.

Концерт 2013 жылдың басында бастау алған «Әрқайсына – ойыншықтан» атты облыстық акциясының аясында өтті. Концерттің бағдарламасы бойынша жасотандықтар кішкентай көрермендерге «Баспана және қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін» алғыс хаттар және де бағалы сыйлықтарды таратты.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, университеттің тарихында алғашқы рет концерттік билеттер студенттерге сатылды. Билет сатылымнан шыққан қаражат баспанаға жұмсалады деген ойы алдын-ала айтылғандықтан студенттер концерттік билетке қуана төледі.

«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерт секілді іс-шаралар болашақта көп болатынына сенімдіміз.