Академиялық ұтқырлық шеңберінде, АҚШ және Еуропа қоғамдастығына енетін Болон жүйесіне қосылған елдерге күндізгі оқу түрінің 2 және 3 курс студенттері және магистранттар арасынан оқуға үміткерлерді қабылдау жарияланды.

Оқу кезеңі - 2012-2013 оқу жылының  екінші семестрі. Үміткерлерге қойылатын негізгі талап академиялық мерзімнің аяқталуы кезінде үлгерімі жақсы болуы керек (академиялық үлгерім «A», «A-», «B+», «B», «B-»). Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер факультеттің бағдарлама координаторына 2012 жылдың 20 қыркүйегіне дейін өтінішті нұсқа бойынша толтыруға тиіс. Толық ақпаратты өзіңіздің факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасарынан алуыңызға болады.