Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен, «Жастар ғылымда - 2012» атты ТМД елдерінің жас ғалымдарының  Мемлекетаралық форумы 2012 ж. мамыр айының 17-18 жұлдызында өтеді.

Форумға қатысуға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар және жастардың ғылыми жұмыстары қызықтыратын ұйымдар шақырылады. Форумның жұмысын бастамас бұрын  құжаттар жиынтығы жарияланады. 2012 ж. 15-ші сәуіріне дейін сөз сөйлеу мәтіндерін (мақалалар,баяндамала) ұсынуларыңызды   сұраймыз.

Толық ақпаратты www.fpp.kz, www.psu.kz. сайттарынан немесе 127 каб. инновациялар және жаңа технологиялар бөлімінен (ішкі ном. 1286) алуға болады.