3-ші қараша 2010 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық департаменті іссапармен келген И.И. Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің өкілін қарсы алды.

Олардың ең басты мақсаты жақын орналасқан шетел университеттерінің кредиттік жүйесін енгізілген түрде зерттеу, соның ішінде ПМУ және Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйелерімен танысу.  

Делегация құрамында Құрылыс-технологиялық факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор

Харламов Иван Викентьевич, Гуманитарлық білім факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты Белоусов Николай Александрович, Тамақ және Химия  өндірісі факультетінің деканы, химия ғылымдарының  докторы, профессор  Хлебников Андрей Иванович, Энергетика факультетінің «Өндіріс және Тұрмыс электрификациясы» деген кафедра меңгерушісінің орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор Мусин Агзам Хамитович.

Қонақтар мұражай кешенін, академик С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасын, «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркін аралап шықты.С.Торайғыров атындағы ПМУ- дың ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Р.Ж.  Қадысова қонақтармен кездесу өткізді. Содан соң олар іспеттес  факультеттерінің декандарымен, кафедра меңгерушілерімен, ұстаздар мен студенттермен, дарынды оқушыларға арналған ПМУ мектеп-лицейінің директоры Т.С. Нуркешевпен кездесті. Осы кездесудың нәтижесінде халықаралық ынтымақтастығы туралы келісім шарт жасалынды, және біздің университеттер арасында болашақтағы перспективті басқосулар, академикалық айырбасулар талқыланды.