2009 ж. 28 қыркүйекте, Омбы қаласында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің делегациясының Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің ректоры Владимир Иванович Струнин, халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы Виталий Викторович Иссерс және Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасының консулы Орынбек Мухсиынович Мухсиыновпен кездесу өткізілді.

  Келіссөздің басты тақырыбы «Ресей Федерациясында қазақ тілі және мәдениеті орталығының ашылуы және дамуы» болды. Қазіргі кезде, бұл жоба 2009 жылдың қыркүйек-қараша айларына жоспарланған өзінің бастапқы қадамдарын басуда. Кездесу барысында Орталықтың территориалдық тиісті орны, жабдықталуы, сонымен қатар оқушылар контингенті және Орталықтың презентациясы сияқты сұрақтары талқыланды.

«Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» және «2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалары» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы және мемлекетіміздің Ресей Федерациясымен достық пен ынтымақтастықты нығайту саясаты осы жобаны жүзеге асыруға түрткі болды.

Жоба ұлттық сана-сезімнің дамуына, жас ұрпақты тәрбиелеуде қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетінің ролінің нығаюына игі ықпалын тигізуі тиіс. Осы жобаның мақсаты – Ресейдегі қазақ диаспорасына және қазақ тілі мен мәдениетін тануға тілек білдірушілерге көмек. Осыған қоса, жоба профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттермен халықаралық академиялық алмасуды, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің сертификаттарын алуды қарастыратын тілдік тағылымдамаларды жүзеге асыру мақсаттарын көздейді. Жаңа информациялық-коммуникациялық технологияларды қолдану жобаның басты мақсаты болып табылады. Келесі бірлескен шараларды айқындау үшін екінші кездесу Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінде 2009 жылдың қыркүйек айының 28 – 30 күндері аралығында өткізіледі деп жоспарлған.