Торайғыров университетінде Foundation факультетінің 10 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Foundation факультеті - қазақстандық білім беру жүйесі мен шетелдік білім алушылар арасындағы көпір, бұл басқа елдерден сапалы білім алуға келген студенттер үшін сенімді баспалдақ.

Бұл жерде 10 жыл ішінде мыңнан астам студент бітірді. Сонымен қатар, ToU – ҚР азаматы болып табылмайтын студенттерді даярлаудағы негізгі ЖОО.

-10 жыл ішінде Foundation факультеті мықты нәтижелерге қол жеткізді. Мыңнан астам түлектер шықты. Біздің Foundation ҚР азаматы болып табылмайтын тұлғалар үшін ең үздік даярлау орталықтарының бірі ретінде танылды. Сонымен қатар, Foundation базасында өз ісіне берілген кәсіпқойлардың мықты командасы құрылды, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Факультеттің негізгі бағыттары Моңғолиядан, Нигериядан, Қытайдан, Пәкістаннан, Ауғанстаннан келген білім алушыларды тереңдетіп даярлау және оларды Қазақстандағы өмірге бейімдеу болып табылады.