2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың қаңтарына дейін сәулет және құрылыс факультетінде "ToU-дағы тәлімгерлік" пилоттық жобасы іске қосылып, сәтті аяқталды. Ғылыми кеңес жобаны университеттің күнделікті тәжірибесіне одан әрі енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылдады. 

Ақпан-наурыз айлары аралығында тәлімгерлер мен оқытушы-тағылымдамашылар командасын қалыптастыру мақсатында ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінде Google-сауалнама жүргізілді. Қарқынды конкурстық іріктеу нәтижесінде "Биотехнология" кафедрасының оқытушылар құрамынан жобаға қатысушылар анықталды. 
"ToU-дағы тәлімгерлік" жобасының мақсаты - ЖОО-ның жас және жаңа бастаған оқытушыларына олардың кәсіби қалыптасуы мен дамуында қолдау көрсету, сондай-ақ университетте сапалы кадрлық резервті қалыптастыру.