Ғылым күні аясында Торайғыров университетінде физика бойынша PhD докторы, Австрия Ғылым және технологиялар институтының қауымдастырылған профессоры Жәнібек Альпищевпен "Қазіргі заманғы проблемалар және физикалық зерттеулерді дамыту перспективалары" тақырыбында кездесу өтеді.

- Жәнібек Альпищев көптеген жылдар бойы қазақстандық ғалымдармен жемісті ынтымақтастықта болды. Ол біздің елімізде өткізілетін халықаралық конференциялар мен семинарлардың тұрақты қатысушысы, сондай-ақ ғылыми жобаларды іске асыруға белсенді қатысады. Басқа елдердің мамандары ғылым мен зерттеу қызметін дамытуға біздің көзқарастарымызбен бөлісетіні қуантады, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Австрияның ғылым және технологиялар институты (ISTA) –Венаның шетіндегі Клостернойбургте орналасқан жаратылыстану және математика ғылымдары бойынша іргелі зерттеулер мен жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен айналысатын халықаралық институт.
Жәнібек Альпищев қазіргі уақытта ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болып табылады. Ұлттық кеңес ұлттық ғылыми жүйені басқаруды жетілдіруге және Қазақстан Республикасының Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі дамытудың басымдықтарын айқындау жөнінде ұсынымдар әзірлеуге жәрдемдесу мақсатында құрылғаны белгілі.
Кездесуде физикалық зерттеулерді дамытудың заманауи мәселелері мен перспективалары қарастырылды, сондай-ақ ғалым университет ғалымдарының көп жылдық зерттеу тәжірибесімен бөлісті.