Университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттері мен қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек беру үшін жиналды.

Гигиена құралдары, азық-түлік және басқа да қажетті заттар Ақмола облысына жіберіледі. Студенттік белсенділер азық-түлік пен заттарды жинау орталығында тікелей көмектеседі. 

- Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге бұл жайға бей-жай қарамайтын барлық қазақстандықтар көмектесуде. ToU ұжымы да жерлестерінің басына түскен қиыншылық сәтінде сырт қала алмады. ЖОО ұжымы мен студенттері Павлодардан еліміздің батысына орталықтандырылған түрде жіберілетін бірінші қажеттіліктегі өнімдер мен тұрмыстық керек-жарақтар жинады. Жақын арада жағдай тұрақтанып, өңірлерде қалпына келтіру жұмыстары басталады деп үміттенеміз, -деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.