Торайғыров университеті Павлодар облысының автомектептер қауымдастығымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсіміне ToU академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Петр Быков және қауымдастық төрағасы Асқар Қымбатов қатысты.

Салтанатты рәсімде университет қабырғасында автомектеп филиалын ашудың маңыздылығы және студенттерге негізгі мамандықтан басқа қосымша жұмыс мамандығын алу мүмкіндігі атап өтілді.

Университет студенттеріне арналған minor бағдарламаларын құру туралы университеттің мақсатты жұмысын қолдай отырып, агроэкологияның инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша агротехнология кафедрасы қосымша жұмыс бағдарламасын енгізгенін атап өткен жөн.