Торайғыров университетінің студенттері КСРО спорт шебері И.В. Михайловтың жүлдесіне ЖОО мен колледж студенттері арасында бокстан ашық қалалық турнирде жүлделі орындарға ие болды. 

 

Жарысқа Астана, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Екібастұз және Павлодардан жүзге жуық спортшы қатысты.

ToU студенттері жүлделі орындарға ие болды: бірінші орын - Әмір Жұмабеков, екінші орын-Дамир Жақсылық, екінші орын-Шыңғыс Мұстафин, үшінші орын-Мәулен Сапаров.