Жазушы, шығыстанушы Санжар Керімбай Торайғыров университетінде "Өзбекәлі Жәнібеков және мәдени майдан" кітабын таныстырды.

 

 

Бұл кітап қазақ мәдениетінің бай тарихын мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі арқылы көрсетіп,  оқырмандарға оның қоғамдағы рөлі мен маңызын түсінуге көмектеседі.

 

- Өзбекәлі Жәнібеков - қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ана тілін, салт-дәстүрлерін насихаттау және дамыту жолында үлкен еңбек атқарған адам. Ол ұлы қайраткерлер М. Дулатов, Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиевтерді ұлықтап,  олардың есімдерін жаңғыртуға белсенді қатысты, - деп атап өтті кітап авторы.