Торайғыров университетінде Erasmus + trigger жобасы аясында "Түлектердің жұмысқа орналасуын арттыру және жұмыс берушілермен әріптестік қатынастарды нығайту мәселелері" атты семинар өтті. Семинар барысында trigger жобасы консорциумының мүшесі болып табылатын IDЕС (Греция) компаниясы ұйымдастырған екі апталық қарқынды тренинг материалдары пайдаланылды.

Семинар барысында Торайғыров университетінен тренингке қатысушылар түлектерді жұмысқа орналастыруда студенттердің оқу, тағылымдама және кәсіби практика кезеңіндегі жұмыс тәжірибесінің рөлі туралы айтып берді.
Спикерлер ENTER.MODE кәсіби тәжірибесінің үлгісін ұсынды. Бұл Еуропалық сарапшылар EntreComp (the Entrepreneurship Competence Framework) кәсіпкерлік құзыреттілік шеңбері негізінде әзірлеген режим. 
Талқылау барысында инновацияларды дамыту және түлектерді жұмысқа орналастыру үшін университеттер мен индустрия арасындағы ынтымақтастықтың ерекше рөлі айтылды.
Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Петр Быков университеттің түлектерді жұмысқа орналастыруды қолдау саласындағы тәжірибесімен бөлісті.
Семинар жұмысына университет стейкхолдерлері, ТОУ серіктес кәсіпорындарының өкілдері, студенттердің кәсіби тәжірибелерін ұйымдастыруға және түлектерді жұмысқа орналастыруға жауапты университет оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері қатысты.