Торайғыров университеті Эстония жаратылыстану ғылымдары университетімен (EMU) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


- Торайғыров университетінде шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа әрқашан қуаныштымыз. Тек осылай ғана біз шынымен бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, оқытушыларымыздың құзыретін арттыра аламыз. Мұндай ынтымақтастық екі жаққа да пайдалы болатынына күмәнім жоқ, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Тараптар арасындағы ынтымақтастық студенттер мен қызметкерлермен алмасуды, бірлескен зерттеу қызметін, семинарлар мен академиялық кездесулерге қатысуды, академиялық ақпарат пен материалдармен алмасуды, жариялау қызметін көздейді.
Сонымен қатар, EMU медициналық-биологиялық бағыттағы үздіктердің қатарына кіреді, THE тәуелсіз университеттер рейтингінің топ-850 және QS Халықаралық рейтингінің топ-500 кіреді. 
Сондай-ақ,   Эстония жаратылыстану ғылымдары университетінің ғалымы Арни Дэвид Ричард Торайғыров университетінің ауылшаруашылық ғылымдары факультетіне арналған дәрістер курсын жүргізді.