Торайғыров университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Петр Быков пен Инженерия факультетінің деканы Қайратолла Әбішев NU жоғары білім беру мектебінен Executive University Leadership Program бағдарламасын бітіргені туралы сертификат алды.

 

Жақында Назарбаев Университетінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебі дайындаған Қазақстанның мемлекеттік жоғары оқу орындары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы - Executive University Leadership бағдарламасының қорытынды модулі өтті.
Бағдарлама қатысушыларының алдында Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова құттықтау сөз сөйледі. Ол Мемлекет Басшысы қойған білім беру сапасын арттыру жөніндегі міндетті іске асырудың маңыздылығын атап өтті. 
- Әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағыт бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте білім беру сапасын арттыру міндеті бірінші кезектегі міндет болып қала береді. Біз ұлттық баяндаманың жобасын дайындадық. Оның мақсаты - біз оқытуды ұйымдастыру парадигмасынан жеке тұлғаны қалыптастыру парадигмасына көшуіміз керек. Біртұтас тәсіл оқытудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қалыптастыруға көмектеседі. Осы бағдарлама бойынша құзыреттіліктерін жақсартқан ректорлар мен проректорлардың енді білімді орта менеджментке беруі маңызды,-деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.
Academic Leadership - бұл оқыту жоғары білім беруді трансформациялауға бағытталған Қазақстанның 28 ЖОО басшылары үшін өтті.
Айта кету керек, тоғыз ай ішінде тоғыз модуль өтті. Басшылардың әрбір кездесуі университеттегі әртүрлі трансформация процестеріне арналды, мысалы: жоғары оқу орындарының құндылық бағдарлары, көшбасшылық, университет құрылымын қайта қарау, студенттік мәселелерді шешу және академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету. Курс аясында ректорлар мен проректорлар жоғары білім беру саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылардың, министрлік өкілдерінің, ҚР Парламенті депутаттарыныңдәрістерін тыңдады, топпен жұмыс жасады, практикалық тапсырмаларды орындады, сонымен қатар ЖОО-да жасалған жұмыс туралы кейстарымен және тәжірибелерімен бөлісті.