Торайғыров университетінде инклюзивті білім беру кабинеті ашылды. Оның жұмыс істеуі үшін түрлі жабдықтар қарастырылған: интерактивті тақта, диапроектор, Брайль машинасы.

 

 

Салтанатты рәсімге "AMANAT" партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова, Павлодар облысының "Нұр-Ана әлемі"  төрайымы Бақытжамал Максилова және Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері қатысты.

 

- Қазіргі білім инклюзивті, білімге тең қол жетімді болуы керек. Бұл инклюзивті аудитория тек оқу кеңістігі ғана емес, сонымен қатар әрбір студент өз әлеуетін аша алатын орта құруға деген ұмтылысымыздың символы болып табылады, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

 

Естеріңізге сала кетейік, Торайғыров университетінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер оқиды. Өткен жылы мүгедектер арбасында отыратын екі студент оқуын аяқтады. ТОU-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар 60-тан астам студент бар, оның ішінде 22 бірінші курс студенті және бір магистрант бар. 

 

Айта кету керек, ҒЖБМ жол картасында  ЖОО-ның инклюзивті білім беруге дайындығын қамту 2024 жылға қарай - 60% деңгейінде, 2028 жылға қарай - 100% деңгейінде болуы тиіс.

 

Сонымен қатар, Торайғыров университетінде барлық оқу ғимараттары мен кампустары пандустармен, арнайы дәретханалармен, кеңейтілген есіктермен жабдықталған. А оқу корпусында лифт және тік көтергіш бар. №2 және №3 кампустарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің жайлы тұруы үшін арнайы жабдықталған бөлмелер бар. ЖОО-да инклюзивті білім беру мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстары жұмыс істейді. Олар университеттің 350 оқытушысын қамтиды деп күтілуде.