Торайғыров Университетінің жоғары колледжінің студенті Евгений Шнайдер "Мобильді қосымшаларды әзірлеу" бойынша медальон иегері атанды.

Астанада Республикалық Чемпионат өтті, оған республиканың барлық өңірлерінен келген жас мамандар қатысты. Павлодарлық колледж студенттері 28 құзырет бойынша қатысты. Бірнеше күн ішінде студенттер кәсіби дағдылары мен шеберліктерін көрсетуі керек болды.
18 үздік студентке медальдар мен дипломдар табысталды. Сонымен қатар, Павлодар командасы Қазақстан бойынша топ-5 ке кірді. 
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Польшаның Гданьск қаласында EuroSkills халықаралық чемпионаты өтті, оған Ақсу қара металлургия колледжінің түлегі Ильсур Тукаев пен монтаждау колледжінің түлегі Виталий Кайль қатысты.