ЖОО студенттері Астанадағы футболдан университеттер арасындағы Қазақстан чемпионатының супер финалына қатысты.
 D тобында ToU студенттері Energo University чемпиондарынан ұтылып, KazATU-дан жеңіске жетті.

Айта кетейік, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен "University League" ҚҚ жоғары оқу орындарының құрама командалары арасында футзалдан ҚР чемпионатының супер-финалын өткізді.
Чемпионатты өткізудің мақсаты - ҚР әуесқой азаматтары арасында футзалды дамыту, насихаттау және танымал ету, көпшілікті, ең алдымен жастарды футболмен айналысуға тарту, әуесқой футболдың бірыңғай ұжымдық рухын қалыптастыру.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің құттықтау сөзінде студенттік кезеңде спортқа уақыт бөлу маңызды екенін және мұндай іс-шаралар студенттердің өміріне оң әсерін тигізетінін атап өтті.