Торайғыров университетінде жыл сайынғы дәстүр бойынша Foundation факультетінің студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті.

 

- Сіздің өміріңізде мәңгі есте қалатын көптеген маңызды оқиғалар болады, бүгінде олардың бірі – студенттер қатарына қабылдау. Студенттік кезең – өмірдегі ең керемет кезең. Белсенді болыңыздар, мақсат қоя біліңіздер,  қызығушылық танытыңыздар, жаңа нәрселерді үйренуге, әлемді білуге асығыңыздар. Алға ұмтылыңыз және қиындықтардан қорықпаңыз!  Жаңа жетістіктер мен жеңістерге жете беріңіздер! - деп тіледі факультет деканы Сәуле Ксембаева.
Ешкім шетте қалмады: бәрі  биледі, музыкалық аспаптарда ойнады, ән айтты және өлең оқыды. Сондай-ақ, балалар викториналар мен байқауларда эрудиция мен ептілік танытты.
Сонымен қатар,  факультет тыңдаушылары ынталы студенттер болуға және сессияны сәтті жабуға ант берді.