Прагадан келген шетелдік ғалым Татьяна Алексиу Энергетика факультеті үшін шеберлік сабағын  өткізді. 
Ол Чехиядағы білім туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сонымен қатар студенттерге дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері туралы дәрістер оқыды.

- Елдердегі табиғи ресурстар саны бойынша жағдай әртүрлі, бірақ, өкінішке орай, Еуропада жаңартылатын ресурстармен жұмыс істеу қажет. Бүгін біз  индустриялық өсуде өмір сүріп жатырмыз, бұл экологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін. Қазір ғылымда жаңартылатын ресурстардың әлеуеті туралы айтылады және шамамен 18%–ы жаңартылатын көздер болып табылады, - деп атап өтті Татьяна Алексиу.
Айта кетейік, ToU-да шетелдік ғалымдардың дәріс оқуы бұл тұрақты тәжірибе. Бүгінгі күні университетке Түркия, Чехия, Германия, Черногория, Хорватия, Пәкістан, Эстония, Испания, Польша және Үндістаннан келген профессорлар келді.