Торайғыров университетінде қабылдау комиссиясының жұмысы атап өтілді. Салтанатты жағдайда әріптестерге осындай жауапты жұмыстары үшін алғыс білдіріп, құттықтады.

 

- Сіздердің кәсіпқойлық пен адал еңбектеріңіз бүгінгі таңда біздің ЖОО-ның жеткен жетістігінде шешуші рөл атқарды. Қабылдау кезінде ұйымдастырушылық дағдылар мен әртүрлі тапсырмаларды сәтті орындау қабілеті көрсетілді. ToU-да қабылдау комиссиясы біздің жаңа студенттер мен олардың ата-аналары үшін нұсқаушы болды, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Бейресми жағдайда қабылдау комиссиясының қызметкерлері келесі жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылады.
Торайғыров университетінде қабылдау комиссиясының тиімді жұмысына көп көңіл бөлінеді, себебі бұл жоғары оқу орнының бет-бейнесі. Себебі осы қызметкерлер  қандай мамандыққа баратынын таңдап жүрген талапкерді, олардың ата-аналарын бірінші болып қарсы алады. Сонымен қатар, университеттің қабылдау комиссиясында студенттер де жұмыс істейді, олар өздері Торайғыров университетін неге таңдағандарын айтып түсіндіреді.