Торайғыров университетінде ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған "XV Торайғыров оқулары" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Диалог алаңына қатысушыларды ToU ректоры Еркін Садықов құттықтап, конференцияны ашып берді. Ол университет 20 жыл бойы Торайғыров оқуларын өткізіп келе жатқанын және осы уақыт ішінде конференция үздік ғалымдар мен зерттеушілерді жинағанын еске салды.
- Қазақ жерінің ұлы ұлының құрметіне халықаралық ғылыми конференция өткізу біз үшін құрметті дәстүр. Біздің дәстүрлі кездесуіміз әрқашан жүздеген ескі және жаңа достарды жинайтынын көріп отырмыз. Біздің конференцияның географиясы да кеңейіп келеді. Бұл университеттің бастамасы адамдарда үлкен қызығушылық тудырады дегенді білдіреді. Әріптестеріме жемісті жұмыс тілеймін, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Құрметті қонақтардың бірі -  кинорежиссер, сценарист және продюссер Сламбек Тәуекел Ш.Аймановтың туғанына 110 жыл толуына арнап "Шәкен Айманов және қазақ киносы" тақырыбында баяндама жасады. 
Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстанның белгілі ғалымдарының, сондай-ақ Чехия, Үндістан, Германия және жас, жаңадан бастаған зерттеушілер мен оқушылардың баяндамалары ұсынылды.
Секциялық отырыстарда мынадай бағыттар бойынша қазіргі заманғы ғылымның әртүрлі салаларының өзекті мәселелері қаралды: жаратылыстану ғылымдары; гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар; экономика және құқық; инженерия; ауыл шаруашылығы ғылымдары; энергетика; физика-математикалық және компьютерлік ғылымдар. Аталған секциялар бойынша 300-ге жуық мақала берілді.
Секциялық отырыстардың қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен марапатталды.