Торайғыров университеті мен Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті қос диплом бағдарламасын және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске қосады. 
 

Торайғыров  университетке Anhalt University of Applied Sciences делегациясы келді. Энергетика және автоматтандыру, машина жасау бағыттары бойынша неміс тілінде бакалавриат деңгейінде қос диплом бағдарламаларын, сондай-ақ автоматтандыру және энергетика бағыты бойынша магистрлік бағдарламаны іске қосу мәселелері бойынша жұмыс кездесулері өтті. 
-Біз екінші жыл  осы ЖОО-мен белсенді түрде өзара серіктестік жасап келеміз және алдағы жұмысқа жоспар құрдық. Бізді қос диплом бағдарламасы қызықтырды. Біз неміс тарапымен бірлескен жұмысқа дайынбыз. Екі университетке де академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы студенттермен алмасу тиімді. Мұнда оқытушыларға арналған тағылымдамалар туралы да ойлануға болады. Бір-бірін қолдай отырып, екі ЖОО ғалымдары өз білімдерін қолдана алады және оларды коммерцияландыруы мүмкін, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Германия Президентінің Қазақстанға сапары аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералды Сыртқы істер министрлігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 
Германиядан келген делегация Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры Эдвард Сименс пен оқытушы Анастасия Сапега мен университет өкілдері оқу жоспарларын келісіп, ToU студенттерінің академиялық ұтқырлық бойынша да, қос диплом бағдарламасы бойынша да бару мүмкіндігін талқылады. 
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан тарапынан да, Германия тарапынан да қаржыландырылатын гранттық бағдарламалар бойынша бірлескен ғылыми зерттеулердің әлеуетін қарастырды. Сондай-ақ, Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінің делегациясы Павлодар қаласының "АСУЭП" ЖШС, "Incom Company" ЖШС бизнес нысандарын аралады