В Торайгыров университете в рамках проекта Erasmus+ TRIGGER состоялся интенсивный тренинг в области развития предпринимательского образования, поддержки трудоустройства выпускников вузов и развития сотрудничества между университетами и компаниями. 

Спикерлер ретінде Лазурный Берег университетінің  (Ницца, Франция) және IDEC компаниясының (Афина, Греция) Еуропалық серіктестері сөз сөйледі. 
Профессор Срджан Редзепагик түлектерді жұмысқа орналастыруда студенттердің оқу, тағылымдама және кәсіби практика кезеңіндегі жұмыс тәжірибесінің рөлі туралы айтты. Сондай-ақ, спикер студенттердің жақсы жұмысқа орналасуы үшін кәсіпкерлік құзыреттерін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
 IDЕС компаниясының өкілдері Нефели Димополо мен Мария Кандила ENTER.MODE кәсіби тәжірибесінің моделін ұсынды. Ол Еуропалық сарапшылар EntreComp (the Entrepreneurship Competence Framework) кәсіпкерлік құзыреттілік шеңбері негізінде әзірленген режим. Спикерлер инновацияларды дамыту және түлектерді жұмысқа орналастыру үшін университеттер мен индустрия арасындағы ынтымақтастықтың ерекше рөлін атап өтті. 
Сонымен қатар, ToU академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Петр Быков Мансап орталығының қызметін атап өтіп, университеттің түлектерді жұмысқа орналастыруды қолдау саласындағы тәжірибесімен бөлісті.