Ынтымақтастық туралы меморандум аясында құқық және тұлғалық даму және білім беру кафедрасының оқытушылары ІІМ оқу орталығының курсанттарына полиция жұмысының сервистік моделінің түрлі дағдыларын үйрету бойынша екі апталық тренингтер өткізді.

Сабақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі проблемалық-бағдарланған тәсіл, сервистік полициядағы психология және коммуникация, жанжалды жағдайлар психологиясы, профайлинг әдістерін қолдану және тағы басқалар сияқты тақырыптар қарастырылды.
Сонымен қатар, ЖОО-да сертификаттар салтанатты түрде табысталды, оған құқық кафедрасының меңгерушісі Серік Жетпісов, ІІМ Оқу орталығы бастығының орынбасары, подполковник Игорь Саввин, оқу процесінің мониторингі мен бақылауын ұйымдастыру бөлімі бастығының міндетін атқарушы, капитан Руслан Ысмайылов қатысты.