Шара қарсаңында Шарбақты ауданының 95 жылдығына арналған "Шарбақты ауданы - тарих және қазіргі заман" атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Кездесудің модераторы университет ректоры Еркін Садықов болды.
- Айта кету керек, жергілікті тұрғындар әрқашан еңбекке және туған өлкеге деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді. Мұнда озық технологияларды қолданатын және өз ісіне шынымен берілген еңбек адамдары тұрады. Сондықтан болар, Шарбақты Павлодар облысының ең дамыған және қарқынды дамып келе жатқан аудандарының бірі болған және болып қала береді.
Мерейтойға орай әріптестерімізбен бірге ғылыми-практикалық конференция өткізіп, ауданның экономикалық жағдайын, жергілікті агроөнеркәсіптегі ахуалды және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелерін талқыладық. Конференцияға қатысқандарыңыз үшін барлығыңызға рахмет! – деп атап өтті ЖОО басшысы.
Шарбақты ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сержан Иманқұлов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілев, ЖОО профессорлары, облыстық мәслихат депутаттары құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар,  университет ғалымдары да құттықтау сөз сөйледі.
Конференция соңында аудан әкімдігі үздік қайраткерлерді марапаттады. Мерекені мәдениет үйінің орталық алаңындағы концерттік бағдарлама, халықтық мерекелер жалғастырды.
Аудан тұрғындары мен мереке қонақтары спорттық жарыстарда күш пен ептілікті тексерді.