Торайғыров университеті Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады!

- Достарды туған күнімен құттықтау қашан да жақсы, қуанышты сезім. Биылғы жылы Павлодар НЗМ өзінің алғашқы мерейтойын атап өтеді. 10 жыл бойы НЗМ біздің аймақтың ең табысты оқу орындарының бірі болып келеді. Оның тәрбиеленушілері - халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, ал түлектері – жетекші жоғары оқу орындарының студенттері және жоғары деңгейдегі мамандар. Сондықтан көптеген балалар мен олардың ата-аналары НЗМ түсуді мақсат етеді. Назарбаев Зияткерлік мектебі өзінің сапалы техникалық жабдықтарымен және жоғары білікті оқытушылар құрамымен танымал, - деп атап өтті жоғары оқу орнының ректоры Еркін Садықов.
Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары жыл сайын  Торайғыров университетінің ғылыми конференцияларына қатысып, өз мақалалары мен баяндамаларын оқып, жүлделі орындарға ие болып, ғылымға өз үлестерін қосады.
Айта кетейік, ЖОО-да НЗМ түлектері Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірқатар пәндерін қайта тапсыру шартымен 3 жыл оқи алатын бағдарлама бар.