Торайғыров университетінде студенттердің ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасымен кездесуі өтті.

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевпен  диалог форматында іс-шара өтті, ол мемлекеттік қызмет жүйесінде жастарды тарту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалатынын атап өтті. Жаңашылдықтардың ішінде - көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік аппаратты дебюрократияландыру. Дархан Жазықбаев Президенттік жастар кадрлық резервінің іске қосылғаны туралы да хабарлады. Жақын арада Қазақстанның барлық облыстарында өңірлік жастар кадрлық резервтері пайда болады.

- Айта кету керек, бүгінгі мемлекеттік қызмет -  мысалға, 20 жыл бұрынғыға қарағанда біршама өзгеше құрылым. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет нақты жоғары жалақыны ұсынады және өз жұмысына шығармашылықпен қарауға мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген жастар үшін мемлекеттік қызметке кіру болашақта үлкен жетістік болуы мүмкін. 
Құрметті студенттер! Егер ЖОО-ны бітіргеннен кейін сіздердің білімдеріңіз бен дағдыларыңыз мемлекеттік қызметте пайдалы болады десем, қателеспеймін. Сондықтан бұл жұмыстан қорқудың немесе қандай да бір жолмен теріс қабылдаудың қажеті жоқ. Бүгінде бұл Сіздердің әрқайсыларыңыз үшін үлкен болашақ, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.