Торайғыров университетінде "TOTAL BLACK party" студенттер қатарына қабылдау кеші өтті.

 

-Әрбір бірінші курс студенті үшін бұл көптен күткен мерекелердің бірі шығар. Биылғы жылы ұйымдастырушылар Total Black форматын таңдады және ең бастысы, кездесудің барлық қатысушылары осы дресс-кодты қолдады. Әндер айтылды, би биленді, шығармашылық пен креативке толы мереке болды - барлығы да ToU-дың ең жақсы дәстүрлерімен өтті. Біздің университеттің барлық студенттеріне жақсы көңіл-күй мен шығармашылық креативтері үшін рахмет! – деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Жаңадан келген студенттерді байқаулар, ойындар, интерактивтер, демеушілердің сыйлықтары, сондай-ақ жүлделі ұтыс ойыныдары күтіп тұрды. Атап өтсек, лотерея билеттерінен жиналған қаражат қайырымдылыққа бағытталды.

Сонымен қатар, осы кеште бірінші курс студенттері үшін филармония солистері мен "TOU BAND" ВАА жанды дауыстағы концерті болды.