Торайғыров университетінде Қарттар күні атап өтілді.


Қонақтарды қарсы ала отырып, ToU ректоры Еркін Садықов қатысқан ардагерлерді мерекемен құттықтап, ұзақ ғұмыр тілеп, көп жылдық адал еңбектері үшін алғыс айтты. 
- ToU өзінің ардагерлерін ешқашан ұмытпайды, олардың көпшілігі бүкіл өмірін университетте жұмыс істеуге және мамандар даярлауға арнады. Бүгінде біз олармен байланыстамыз, өйткені олардың тәжірибесі мен білімі баға жетпестей құнды. Құрметті ардагерлер, Торайғыров университеті үшін жасаған және жасап жатқан барлық істеріңіз үшін рахмет!
 
Университет филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистері сыйлық ретінде көңілді концерттік бағдарлама ұсынды.