Торайғыров университетінде
жоғары оқу орнының студенттері мен қызметкерлеріне арналған "Blockchain Meetup" өтті. 
Спикер ретінде Назарбаев университетінің Электротехника және электрондық инженерия бакалавры, Иннополис Университетінің Робототехника және компьютерлік көру магистрі, blockchain Center өнімінің иесі, Astana IT University блокчейн практикасының аға оқытушысы Әйгерім Гильманова сөз сөйледі.

 

 

Блокчейн технология дамып, қаржы, денсаулық сақтау, логистика және тіпті өнер сияқты жаңа қосымшаларды табуды жалғастыруда. 
Әйгерім Гильманова блокчейнді қолданудың өзекті жағдайлары туралы, мысалы, цифрлық валюталар, жеткізілімдерді басқару және орталықтандырылмаған қосымшалар туралы айтып берді, сонымен қатар ол блокчейн саласындағы болашақ мамандарды жұмысқа орналастыру және өз дағдыларымен бөлісу мәселелерін қозғады.