Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен  студенттері туған қаланы тазарту науқанына қосылды.

- Балалар да, профессор-оқытушылар құрамы да бұл іске ынтамен кіріскені қуантады. Сенбі күні таңертеңнен барлық павлодарлықтар үшін тазарту жұмыстарын жүргізгендердің барлығына рахмет! - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов. 

Бұл ToU-дағы тазалық пен тәртіптің алғашқы акциясы емес. ЖОО үшін мұндай іс-шаралар дәстүрлі және тұрақты болып табылады.