Торайғыров университетінде Назарбаев Университеті жанындағы ISSAI жобаларының техникалық директоры - "Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты" өкілі Ербол Абсалямовпен кездесу өтті.

ISSAI Азия, Еуропа және АҚШ тәжірибесін пайдалана отырып, жасанды интеллект зерттеулерінің ұлттық әлеуетін дамытуға бағытталған.

- Институт 2019 жылдың қыркүйегінде жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің ұлттық әлеуетін дамыту, тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем үшін аударма зерттеулерін жүргізу үшін құрылды, - деп атап өтті Ербол Абсалямов.
Спикер жасанды интеллект, ақылды жүйелер, машиналық оқыту бөлігіндегі жобалардың тұсаукесерін өткізді.