Торайғыров университетінде Білім күні өтті.   

Жоғары оқу орнының ректоры Еркін Садықов құттықтау сөз сөйледі. 

- Биыл университетке үш мыңға жуық талапкер түсті. Біздің ЖОО республиканың жетекші өнеркәсіптік орталықтарының бірі ретінде оның даңқын арттыра отырып, өңірмен бірге өсіп, өзгеруде. Торайғыров университетінің студенті - шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндігі бар көпмәдениетті тұлға. 

Сонымен қатар, факультеттермен танысу, студенттік филармонияның концерттік бағдарламасы, Барби стиліндегі Welcome ToU -2023 фестивалі, қаланың би ұжымдарының қойылымы, безендірілген тақырыптық фотоаймақ және т.б. өтті. 

Барлық студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!