Алдағы білім күніне орай Торайғыров университетінде оқушылар үшін мереке ұйымдастырылды.

ToU кәсіподақ ұйымы бірінші сынып оқушыларына құнды сыйлықтар дайындады.ЖОО ректоры Еркін Садықов балаларды өміріндегі жаңа кезеңнің басталуымен  құттықтады.

 

 

 

- Мен ToU кәсіподағының әріптестері мен олардың балаларын барлық жағынан қолдайтынына өте қуаныштымын. Білім күні қарсаңында мұндай кездесулер жақсы көңіл-күй сыйлайды және белгілі бір дәрежеде мектепке психологиялық тұрғыдан дайындалуға көмектеседі. Жаңа оқу жылы тек балалар үшін ғана емес, олардың ата-аналары үшін де қызықты болсын!

Мереке кезінде оқушыларды студенттік филармония мен аниматорлардың ойын-сауық бағдарламасы күтіп тұрды.