ToU-да С. Торайғыров атындағы облыстық көркем оқу байқауы өтті.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған оқырмандар сайысын Павлодар облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы ұйымдастырды. 

Шараға барлығы 13 адам қатысты. 

Байқау үш кезеңде өтті. Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар ақын шығармасынан үзінділерді жатқа оқып, екінші кезеңде "Қамар сұлу" және "Кім жазықты?" шығармаларынан үзінді жатқа айтып, үшінші кезеңде қатысушының таңдауы бойынша өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

Жеңімпаз Лейла Нугыман 1-орынды иеленді, екінші орынды Нурсулу Даргехан, үшінші орынды Сандугаш Адамбек иеленді. 

Сонымен қатар, байқау жеңімпазы 2023 жылғы 28-29 шілдеде Баянауыл ауданында өтетін республикалық байқауға жолдама алады.