Бірнеше апта бойы Павлодар қаласы мектептерінің білім алушылары Торайғыров университетінің мұражай кешенінде болды. Балалар археологиялық мұражайға барып, онда әртүрлі экспедициялардан табылған заттарды көрді.

Сонымен қатар, балалар қазақ этнографиясы мұражайына барды, онда қазақ халықтық қолданбалы өнерінің алуан түрлері және «Дос-Мұқасан»   шығармашылығына арналған мұражай ұсынылды.