Павлодарлықтар Абай облысына 35 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді. Өрттен зардап шеккендерге азық-түлік, сергітетін сусындар, гигиена құралдары, жанар-жағармай материалдарына талондар жіберілді.

Университеттің еріктілері де көмек көрсету үшін Абай облысына барды.
- Біз Абай облысына үш күнге барамыз, - деп түсіндірді ToU жанындағы «Жақсылық жаса» еріктілер ұйымының өкілі Әбдіхарис. - Біз көмекке барғанымызға, зардап шеккендердің отбасыларына азық-түлік, қажетті заттарды жеткізетінімізге өте қуаныштымыз. Біз Семейдің жақын маңындағы ауылдарының тұрғындарына гуманитарлық көмек таратамыз.

Айта кетейік, Торайғыров университеті өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына 10 грант бөлді.