Торайғыров университетінде Павлодар колледждерінің студенттері қатысқан зияткерлік ойын өтті.

Байқауға педагогикалық, музыкалық және медициналық колледждердің 5 командасы өтінім берді. Олар 6 турдан өтуі керек болды. Ойын қорытындысы бойынша 1-жүлделі орынды Ахметов ат. педагогикалық колледждің «Болашақ» командасы иеленді.  2-орын музыкалық колледждің «Көк бөрі» командасына бұйырды. Тұғырдың үшінші дәрежесі медициналық колледждің атынан шыққан «ПМВК» командасына бұйырды.

Зияткерлік ойынның ұйымдастырушылары ToU-дың  Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары мен магистранттары болды.